Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жігіттер тауып берді": Жұлдыз Әбдукәрімова Мальдив аралдарында басынан кешкен оқиғаны баяндады

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдукәрімова фотосессияда
Жұлдыз Әбдукәрімова. Фото: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Белгілі тележүргізуші әрі актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Мальдив аралдарына демалуға барғанда басынан кешкен қызықты оқиғаны айтып берді, деп жазады "Оян" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Актрисаның айтуынша, демалыс кезінде балаларының бірі оның телефонын суға түсіріп алған.

"Суретке түсіп жүргенде балаларымның бірі суға телефонымды түсіріп алыпты. Төртеуінен сұрасам, төртеуі де "мен емес" деп мойындамайды. Ішінде барлық суреттерім, құнды материалдар бар еді. Суға түсіп, телефонды іздей бастадым. Сол кезде біздің елдің адамдары жүр екен, солар көмектесті. Жігіттер тауып берді. Әрине, телефоным қосылмай тұрды. Елге келіп, жөндеуге бердім. Бастысы - ішіндегі қажет материалдар мен Мальдивте түскен суреттерімді көшіріп алдым. Кейін телефоным істемей қалды", - деді Жұлдыз.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың әйелі қыздарының интернеттегі алаяқтарға алданып қалғанын жасырмай айтып, көпшілікті сақ болуға шақырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022483-zigitter-tauyp-berdi-zuldyz-abdukarimova-maldiv-araldarynda-basynan-kesken-oqigany-bayandady/

pixel