Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздар үйге іздеп келетін": Алмат Сақатов әйелінің шыдамдылығына ризашылығын білдірді

Жарияланған күні:

Алмат Сақатов
Алмат Сақатов. Фото: instagram/sakatovalmat

Актер Алмат Сақатов "Менің өмірім" бағдарламасына сұхбат беріп, "Бауыржан шоу" театрында танымалдығы артқанын, сол тұста қыздар тарапынан ықылас жоғары болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бауыржан шоуда" жүрген кезде қыз-қыршындар жазады, звондайды. Тіпті, үйге келетіндер де болған. Соның бәріне шыдау оңай емес. Курстас достарым маған: "Әй, осы біздің курста бірінші ажырасатын сен боласың", - дейтін. Солай айтқандардың бәрі ажырасып кетті. Мен әлі келе жатырмын, неге екенін білмеймін.

Жұбайым жақсы ғой, негізі. Шыдамды. Мен тұрмақ, менің шешеме шыдады. Әкем марқұм ауырған кезде соның шайын беріп, қолтығын демеді. Мен гастрольде қаңғып жүрген кезде... Енді мен осылай әңгіме айтқанға "подкаблучник" деп ойлап қалмасын. Бірақ бәріміз сол "каблуктың" маңайында жүрміз", - деді актер.

Айта кетелік, бұған дейін Алмат Сақатов өзінің ішімдікке салынып кеткен кездерін еске алған болатын.

Сондай-ақ ол өзінің отыз жыл отасқан жұбайын айдаһарға теңейтінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022491-qyzdar-uige-izdep-keletin-almat-saqatov-aielinin-sydamdylygyna-rizasylygyn-bildirdi/