Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оны жеңе алмайсың": актер Алмат Сақатов өзінің әйелін неліктен айдаһарға теңеді

Опубликовано:

Алмат Сақатов
Алмат Сақатов. Фото: "Базар Like" бағдарламасы

Танымал актер Алмат Сақатов "Менің өмірім" бағдарламасында қонақ болып, өзінің әйелін қалай еркелетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ауылыма жылына екі рет барамын. Ауылға бару үшін себеп керек! Ал қайта-қайта бара берсең, үйдегі "айдаһарда" күдік пайда болады", - деді актер.

Жүргізуші актердің әйелін неліктен айдаһарға теңегенін де сұраған болатын.

"Отыз жыл әйелім болған адамды сұр жылан деп айта алмаймыз ғой. Айдаһар деген жақсы ғой! Үш басы бар, біреуін шауып тастасаң, екі басы өсіп шығады. Оны жеңе алмайсың. Қанаты бар, қайда ұшсаң да, артыңнан қуып, жетіп алады. Жете алмаса, құйрығымен қайырып алады. Өсе келе, айдаһар болады ғой...

Әрине, осылай қалжыңдаймыз. Басқа қайтіп айтамыз? Аққуым дейін десең, 30 жыл бірге тұрып келеміз. Аққу да қартаяды. Оның жүні түсіп қалған деп елестетуі мүмкін. Біз сияқты тентектерге ие болу оңай емес", - деді Алмат Сақатов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022488-ony-zene-almaisyn-akter-almat-saqatov-ozinin-aielin-nelikten-aidaharga-tenedi/