Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Соңғы рет құшағында жатқаным": Тоқтар Серіков марқұм анасын еске алып, көпшілікті елжіретті

Опубликовано:

Тоқтар Серіков марқұм анасымен
Тоқтар Серіков марқұм анасымен. Фото: instagram/toktar.serikov

Тоқтар Серіков марқұм анасымен түскен соңғы суретін жариялады. Әншінің жазбасы желіде көпшілікті елжіретті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Анаммен соңғы түскен суретім екен. Соңғы рет құшағында жатқанымды, соңғы рет құшақтағанын білмеппін. Осы күні немерісімен таласып тұрып құшақтағам. Мәңгілік сағынышқа ұласарын сезбеген екем. Жаның жәннәта болсын анашым", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

"Керемет көрініс, естелік...Ананың жылы құшағына жетер не бар бұл дүниеде?", "Ауырып жүргені көрініп тұр. Бірақ білдірмеген ғой. Жаны жұмақтың төрінде болсын!", "Ешқашан ананың орны толмайды, ананың орнын ешкім баса алмайды", "Анасын аңсап, сағыныш өртеп жүр ғой", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетелік, бұған дейін Тоқтар Серіков коронавируспен ауырған кездегі қиындықтар туралы айтқан болатын.

Сондай-ақ дәстүрді құндылықтарды дәріптейтін ол жастарға ескерту жасап, көпшілікті таң қалдыру үшін артық қадамға бармау керектігін түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022528-songy-ret-qusagynda-zatqanym-toqtar-serikov-marqum-anasyn-eske-alyp-kopsilikti-elziretti/

pixel