Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдызай Дүйсенбиева өзіне Өзбекстанда ота жасалатынын айтты

Опубликовано:

Жұлдызай Дүйсенбиева актриса
Жұлдызай Дүйсенбиева. Фото: Instagram/zhuldizay_duisenbieva

Отандық актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өзіне Өзбекстанда ота жасалатынын мәлім етті. Бұл жайлы өнер иесі Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Таңертең түсірілімге барамын. Одан кейін өзбек еліне ота жасатуға барамын.

Сіздерді уайымдата бермей, әлеуметтік желіде бірнеше күн болмаймын. Алла қаласа, сүйінші хабармен келемін.

Ал маған тілекші болып отырған жақсылар, Алла тілегіңізді қабыл етсін. Сіздерге Алла разы болсын. Бәріңізді жақсы көремін", - деп жазды Жұлдызай Дүйсенбиева.

Айта кетейік, биылғы жылдың сәуірінде актриса денсаулығы сыр беріп, біраз түсірілімнен бас тартқан болатын. Ал кейінірек Жұлдызай Дүйсенбиева ауруханаға түскен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылы актриса Жұлдызай Дүйсенбиева қалың көпшілікке жан сырын ақтарып, өзінің айықпас дертке шалдыққанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022557-zuldyzai-duisenbieva/

pixel