Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлықпан Жолдасов шын есімінің кім екенін айтты (видео)

Опубликовано:

Ұлықпан Жолдасов
Ұлықпан Жолдасов. Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

"Ұйқым келмейді" бағдарламасында қонақ болған әнші Ұлықпан Жолдасов құжаттағы шын есімін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, Ұлықпан деген атының өзі туу туралы куәлікте түсініксіз, яғни шимайланып жазылған. Кейін төлқұжат алатын кезде мамандар қазақша жазылған сөзді түсінбесе керек, осылайша есімі қате жазылып кеткен.

"Төлқұжат алатын кезде куәлігімді тапсырдым. Орыс әйел отырған болатын. 10 күннен кейін келу керектігін айтты.

Құжатымды алуға барсам, Ұлықпан дегенді Умиксат деп жазып қойыпты. Айтайын десем, орыс тілін білмеймін. Сонымен сол күйі қалды.

Кейін өзгертейін деп едім, бір үлкен кісі "Ұлықпан екі атыңның болғаны дұрыс қой. Көп нәрседен қорғайды" деді. Сонымен сол күйі қалып қойды", - дейді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ұлықпан Жолдасов қоғамнан қазақилықтың жоғалып бара жатқанын сөз етіп, ер мен әйелдер арасындағы ашық-шашық киім кию стилінің қазаққа жат екенін сөз еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022610-ulyqpan-zoldasov-syn-esiminin-kim-ekenin-aitty/

pixel