Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мінсіз мүсінін көрсеткен Ақбота Сейтмағамбет желіде қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

Ақбота Нұр
Ақбота Сейтмағамбет. Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Отандық актриса Ақбота Сейтмағамбет желіде жаңа фотосессиясымен бөлісті. Мінсіз мүсінін көрсеткен өнер иесі желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актриса суретті Instagram парақшасында жариялады.

"Өміріміздің басты мақсаты - бақытты болу", - деп жазды Ақбота Сейтмағамбет.

Актрисаның су жаңа фотосессиясына қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды.

Олардың бірі әншінің мінсіз мүсіні мен сұлулығына таңғалды. Ал екінші біреулері Ақбота Сейтмағамбеттің ашық киінгенін сынға алған.

"Өте керемет", "Сұлусыз", "Сұлулығына көз тоймайды", "Қазақстандық актрисалардың ішіндегі табиғи сұлуы және көріктісі - Ақбота", "Қажылыққа барған едіңіз", "Дәл осы суретті жарияламау керек еді", "Бір оранатын, бір шешінетін заман болды", "Неткен көріктісің", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ақбота Сейтмағамбет көпшілікті жеке өмірі жайлы жаңалығымен қызықтырып қойған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022734-minsiz-musinin-korsetken-aqbota-seitmagambet-zelide-qyzu-talqyga-tusti-foto/

pixel