Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мирас пен Құралай тау баурайында орналасқан төрт қабатты зәулім үйін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Мирас пен Құралай
Мирас пен Құралай. Фото: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы

Отандық жұлдызды жұп Мирас пен Құралай көпшілікке төрт қабатты зәулім үйін көрсетті. Әншілер "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында жаңадан сатып алған үйін жұртшылыққа таныстырып шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Дайын үйді алдық. Үйдің бұрынғы иелері бізге салып бергендей болды. Үйдің еңсесі биік. Тау баурайында орналасқан. Ауасы керемет. Үй жалпы төрт қабатты. Үйдің астында жертөлесі, үстінде шатырлы қабаты бар.

Үйді жинау жағын ойламаппыз. Құралай "Өте үлкен үй алып қойған сияқтымыз" дейді. Көмекшілеріміз бар", - деді Мирас пен Құралай.

Мирас пен Құралайдың үйі
Мирас пен Құралайдың үйі. Скриншот: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы

Сонымен қатар жұлдызды жұп үйді сатып алғаннан кейін ішіне жөндеу жұмысын жүргізгенін де атап өтті.

"Үй дайын болғанымен, ішіне жөндеу жұмысын жүргіздік. Түсқағазын ауыстырдық. Үйде анамыз гүлді өте қатты жақсы көреді. Үйде кішкентай аквариум бар еді. Оны алып тастап, орнына үлкен аквариум орналастық.

Үйдің жертөлесінде ас үй бар. Қонақ келгенде сол жерде бауырсақ пісіріп, ет асамыз. Иіс жоғары қабатқа көтерілмейді. Ал өзіміз үйде кезде ас бөлмесінде дайындаймыз.

Үйде бильярд, дене шынықтыру бөлмесі, гардероб бар. Үйдің терезелерінің бәрі батыс бағытқа қарап тұр. Үйде анамыздың бөлмесі, балалар бөлмесі, жатын бөлме бар", - деді Мирас пен Құралай.

Мирас пен Құралайдың үйі
Мирас пен Құралайдың үйі. Скриншот: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мирас пен Құралай үйлену тойында болған жайттарды баяндап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022754-miras-pen-quralai-tau-bauraiynda-ornalasqan-tort-qabatty-zaulim-uiin-korsetti-foto/