Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәл қазір менде кәсіп жоқ": Алмас Кішкенбаев неге сахнадан көрінбей кетті

Опубликовано:

Алмас Кішкенбаев
Алмас Кішкенбаев. Фото: instagram.com/a.kishkenbaev/

Соңғы уақытта көпшілік назарынан тыс қалған Алмас Кішкенбаев сахнадан көрінбей кету себебін айтты. "Ұйқым келмейді" бағдарламасына келген әнші қазіргі таңда жиі ән шығаруға тырысып жүргенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.ы

"Үзілісті өз еркіммен алдым. Енді үзіліс болмайды.

Мен енді қайта шығамын дегенде Ninety One шықты, басқалар шықты. Үлгере алмай қалып жатырмын. Мына бағыт деймін, жоқ үлгермей жатырмын. Әйтеуір ілесе алмай келе жатқанда карантин басталып кетті.

Бірақ мен тоқтатып қойған жоқпын. Жұмыс істеліп жатыр. Шынымды айтсам, сатып алып, жазылып, шығарылмай қойған 30-40 әнім бар. Көңілден шықпай қалады, болды", - деді Алмас Кішкенбаев.

Сонымен қатар бағдарлама барысында Алмас Кішкенбаев қазіргі таңдағы негізгі табыс көзін де атап өтті.

"Дәл қазір менде кәсіп жоқ. Негізгі табыс көзім осы ән саласы, концерт, той. Сосын трейдинг", - деді Алмас Кішкенбаев.

Айта кетейік, Алмас Кішкенбаев көпшілікке SuperStar KZ жобасы арқылы танылды. Ол аталмыш жобаның 2004 жылғы байқау жеңімпазы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022921-tanymal-ansi-almas-kiskenbaev-nege-saxnadan-korinbei-ketti/