Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Меруерт Түсіпбаева Алматы мен Астанада бірнеше пәтері мен жеке үйі барын айтты

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Меруерт Түсіпбаева. Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Отандық әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің бірнеше пәтері барын айтты. Өнер иесі Press.kz сайтында жақында тағы бір пәтер алғаны жайлы баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, Алматы қаласындағы жеке үйі мен пәтері және Астана қаласында тағы бір пәтері бар.

"Бірнәрсені қатты қаласаң, Жаратушы қолдау көрсетеді. Менің Алматыда жеке үйім мен пәтерім бар. Астана қаласында пәтерім бар. Жақында тағы бір пәтер мен сұлулық салонының ғимаратын сатып алдым.

Ұлым менің жаңа көлік алғанымды қалайды. Маған "Өзіңе жаңа көлік ал" дейді. Ұлым менің Range Rover көлігімен жүргенімді қалайды. Ал мен қазір 2018 жылы салоннан алған Toyota Land Cruiser Prado көлігімен жүрмін. Бұл көлік мені қанағаттандырады. Мен барлық табысымды ақылмен жұмсаймын", - деді Меруерт Түсіпбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022970-meruert-tusipbaeva/

pixel