Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балама қызмет етсе болды": Тамара Асар қандай келін алғысы келетінін айтты (видео)

Опубликовано:

Тамара Асар
Тамара Асар. Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Отандық әнші Тамара Асар болашақта қандай келін алғысы келетінін мәлім етті. "Ұйқым келмейді" бағдарламасына келген әнші ұлына жар болатын аруға қоятын талаптарын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жалпы бағыт бересің ғой. Мен жақында екеуіне бірінші рет "Алла бұйыртып, үйленіп жатсаңдар алғашқы 41 күн бізбен бірге тұрасыңдар" дедім. Екінші 41 күн бар. Ол бөпелі болған кездегі уақыт. Қалжасын қолдан бергім келеді. Сол 41 күнге шыдап, жамандығын көрсетпеген қыз бала мен үйде не істесем, соны қайталайтын болады.

Шынымды айтсам, менің балама қызмет етсе болды. Менің балаларыма қызмет етсе, өле-өлгенше сонымен бірге құлап, бірге сүрініп, бірге тұрып жүрсе, менің арманым - сол. Мынадай қыламын деп айта алмаймын. Себебі, өзім де әр күні әртүрлі болып оянамын. Бұл қысқа күнде қырық құбыламыз ғой", - деді Тамара Асар.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Тамара Асар қазақта еріксіз кеткен қыздың ғана сыңсу айтқанын атап өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2023095-balama-qyzmet-etse-boldy-tamara-asar-qandai-kelin-algysy-keletinin-aitty-video/

pixel