"Маған да, оған да жақсы": Қайрат Нұртастың інісі әйелімен ажырасу себебін ашып айтты
Жарияланған күні:
Былтырғы жылдың наурызында Алматыда қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың інісі Заңғардың үйлену тойы өткен болатын. Арада біраз уақыт өткенде Заңғар Нұртас пен келіншегі Жібектің ажырасқаны жайлы қаңқу сөз тарады. Хитменнің інісі әйелімен ажырасу себебін көпшілікке ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Заңғар Нұртас Instagram желісінде оқырман сауалына жауап беріп, қаңқу сөзге нүкте қойды.
Желі қолданушысының бірі Заңғар Нұртастан "Жібекті сүйесіз бе? Татуласқыңыз келе ме?", - деп сұраған. Ал Қайрат Нұртастың інісі бұрынғы әйеліне қатысты сұраққа соңғы рет жауап беретінін айтып, бұл тақырыпты көтермеуді сұрады.
"Бұл сұрақты жауып тастайықшы. Біз той алдында айырылысқан болатынбыз. Бір жылдан кейін қайтадан қосылып, бірге тұрып, өз бақытымызды табамыз деген шешіммен үйлендік. Уақыт өте бірге бола алмайтынымызды түсіндік. Өзара айырылысқанымыз дұрыс болар деп шешім қабылдадық. Бірақ осы күнге дейін бір-бірімізді құрметтейміз. Бұл өзіміздің арамыздағы бір құпия болғаны дұрыс", - деді Заңғар Нұртас.
Сонымен қатар Заңғар Нұртас "әйелін тастап кетті" деген қауесетке де жауап берді.
"Осы күнге дейін жанға бататыны "Неге қыздың обалына, көз жасына қалдың" деген әңгіме. Ешкім ешкімді тастап, қалдырып кеткен жоқ. Өзара сондай шешім қабылдадық. Осылай болғаны маған да, оған да жақсы", - деді Заңғар Нұртас.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Заңғар Нұртас отандық бағдарламаның бірінде ажырасып кеткенін мәлім еткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2023212-magan-da-ogan-da-zaqsy-qairat-nurtastyn-inisi-aielimen-azyrasu-sebebin-asyp-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.