Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қартаюды ұмытып кеткенсіз бе": көптен бері көрінбей кеткен Рахат Тұрлыханов қазір қайда (фото, видео)

Опубликовано:

Рахат Тұрлыханов
Рахат Тұрлыханов. Фото: instagram.com/rakhat_turlykhanov

Осыдан ширек ғасыр бұрын "Асыл әжем" әнімен көпшіліктің көңілінен шыққан әнші Рахат Тұрлыханов қазіргі таңда қайда жүр? Тыңдарман назарынан тыс қалған Рахат Тұрлыханов Instagram желісіне отбасылық суретін жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сүйікті әншінің көптен көрмеген тыңдармандары желіде естелігін бөлісті. Желі қолданушылары Рахат Тұрлыхановтың әндерін сүйіп тыңдаған жылдарды еске алған.

"Қартаюды ұмытып кеткенсіз бе?", "Өзімнің оқушы кезім еске түсті", "Бақытты болыңыз", "Менің экрандағы алғашқы махаббатым", "Әндеріңіз керемет", "Кезінде әндерін тыңдайтын едік", "Сүйікті әншім", - деді желідегілер.

Әлеуметтік желіде ақпаратқа сүйенсек, Рахат Тұрлыханов қазіргі таңда түрлі бизнес шаралардан қалмайды.

Жиі шетелге саяхатқа аттанып, қоғамдық өмірге де белсенді екенін байқауға болады.

Сонымен қатар әншінің уақытын көбіне отбасына арнайтыны да байқалады.

Айта кетейік, Рахат Тұрлыханов тоқсаныншы жылдары көпшілікке "Асыл әжем" әнімен кеңінен танылды. Сонымен қатар әншінің "Зимние ливни", "Азем" атты танымал әндері бар.

Сондай-ақ айта кететіні, Рахат Тұрлыханов 2014 жылы ер адамды ұрып жіберген болатын. Tengrinews.kz мәліметінше, істе Рахат Тұрлыханов өз кінәсін мойындаған. Жәбірленуші құқық бұзушыға ешқандай талабы жоқ екендігін, тіпті істі тоқтатуға қатысты жазбаша түрде өтініш жазған. Материалдарды зерттей келе сот екі жақтың татуласуына байланысты істі тоқтату туралы қаулы шығарған.

Ал "КТК" арнасының мәліметінше, 2012 жылы 27 жастағы әнші "Атамекен" одағы ұлттық экономикалық палатасының жанынан құрылған жастар кәсіпкерлігі департаментінің директоры болып қызмет атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, әнші Рахат Тұрлыханов белгілі бизнесмен Болат Әбіловтың қызы Жәмила Әбіловамен шаңырақ көтерген болатын. Олардың ортақ балалары бар. Кейін әнші мен Жәмила Әбілова ажырасып кетіп, Рахат Тұрлыханов екінші рет отау құрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2023342-qartayudy-umytyp-ketkensiz-be-kopten-beri-korinbei-ketken-raxat-turlyxanov-qazir-qaida-foto/