Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал қазақстандық күйші Асылбек Еңсепов отбасы жайлы айтты

Опубликовано:

Асылбек Еңсепов
Асылбек Еңсепов. Фото: nege.kz

Қазақстандық танымал күйші Асылбек Еңсепов әйелі мен балалары жайлы айтты. NEGE.KZ сайтына сұхбат берген өнер иесі шығармашылық жаңалықтарын да бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әйелім өзге саланың маманы. Дегенмен, өнерді бір кісідей сүйетін болғандықтан, мені қолдайды.

Тұңғышым Исатай күмбірлете күй тартады. Бірақ мүлде басқа мамандықты таңдады. Қазір философия және психология мамандығы бойынша Аустрияда білім алып жатыр.

Негізі, үлкен қызым музыкаға жақын сияқты көрінеді. Ал одан кейінгі екі кішкентайымның таңдауын уақыт көрсетеді. Десе де балалардың біреуі атасының жолын қуады деген үмітіміз бар", - деді Асылбек Еңсепов.

Сонымен қатар күйші алдағы шығармашылық жоспарларымен де бөлісті.

"Бұйырса, аладағы күндері жас әншілердің бірімен коллаборация жасамақ ойдамын. Жаңа есімді танытуға септігімді тигізу мақсатында жас күйшілерді де сахнаға алып шығуым мүмкін. Ол енді алдағы күннің еншісінде, әзірге келіссөз жүргізіп жатқан жайым бар", - деді Асылбек Еңсепов.

Айта кетейік, күйші Асылбек Еңсепов 2016 жылы шаңырақ көтерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2023419-tanymal-qazaqstandyq-kuisi-asylbek-ensepov-otbasy-zaily-aitty/

pixel