Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Уайымдаймыз": Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова желіге видео жүктеп, жанкүйерлерін қуантты (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/kair_n

Отандық әнші Қайрат Нұртас Instagram желісінде жұбайымен романтикалық видео жариялады. Хитменнің тыңдармандары Қайрат пен Жұлдызды бірге көргеніне қуанышты екенін білдіріп, видеоны қызу талқыға салды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың түнде қаланы аралап, әуежайға келіп, күту залында отырғанын көруге болады. Осыдан соң әнші әйелін рейске дейін шығарып салды. Ал видеоның фонында Қайраттың өзі орындаған романтикалық ән естіледі.

"Шын ғашық жандар үшін", - деп жазды Қайрат Нұртас.

Ал желі қолданушылары хитмен мен жұбайын бірге көргеніне қуанышты екенін жеткізді. Олар жұлдызды жұпқа ақ тілегін жаудырған.

"Мәңгі бірге болыңыздар", "Қайрат Жұлдызға қалай ерекше қарайды", "Бірге жүрген сурет пен видео жүктеп тұрмасаңыздар, уайымдаймыз", "Керемет", "Жұптарыңыз жазылмасын", "Бақытты болыңыздар", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2023512-uaiymdaimyz-qairat-nurtas-pen-zuldyz-abdikarimova-zelige-video-zuktep-zankuierin-quantty-video/