Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Емдеп жіберейін": анасына массаж жасаған Мақпал Жүнісова көпшіліктің ықыласына бөленді (видео)

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Танымал әнші Мақпал Жүнісова анасына массаж жасаған сәтті әлеуметтік желіге жариялады. Халық әртісінің анасына жасаған қамқорлығына көпшілік риза болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құйрық майды шыжғырдым. Шыдаңыз. Емдеп жіберейін. Таңертең Алланың күшімен жазылып кетесіз. Жақсы ұйықтаңыз", - дейді видеода Мақпал Жүнісова анасына.

Ал желі қолданушылары Instagram желісінде Мақпал Жүнісованың анасына ақ тілегін жаудырды.

"Анаңызға Алла мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін", "Анаңыз жүз жасасын", "Мақпал апай, анасы бар бақытты адамсыз", "Алла шипасын берсін", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, осыған дейін Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов екеуінің Мерейді туысынан асырап алғанын және қызының биологиялық ата-анасымен араласатынын айтып, жан сырын ақтарған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова сұхбат беріп, бұрынғы күйеуі туралы жан сырын ақтарған болатын. Кейінірек әнші Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бірінші отбасына қатысты өз шындығын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2023533-emdep-zibereiin-anasyna-massaz-zasagan-maqpal-zunisova-kopsiliktin-yqylasyna-bolendi-video/

pixel