Мұсылманша некесін қидырған Нұрболат Қанай келіншегін ұзатып алды (видео)
Жарияланған күні:
Көпшілікке Qanay лақап атымен танылған Нұрболат Қанай күні кеше мұсылманша некесін қидырғанын айтып, сүйінші сұраған болатын. Әншінің келіншегін ұзатып алған сәті әлеуметтік желіге тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің Жетісай өңірінен қыз ұзатып алған сәтін Ақжүніс Егембердиева есімді TikTok қолданушысы желіге жариялады.
Видеодан Нұрболат Қанайдың сүйіктісімен бірге мейрамхана ортасында билеп жүргенін байқауға болады.
Сонымен қатар Нұрболат Қанайдың әнші досы Қабдол Instagram желісінде келіншектің Жетісай өңірінен екенін айтып, құдалықтан видео жариялады.
"Қызға сырға салды. Мен дайынмын. Қызды алып кеттік. Атырау, келіндеріңізді алып келе жатырмын. Ертең түсте Атырауда, Құлсарыда боламыз. Қыз артына қараған жоқ. Ыстық жерден ыстық жерге бара жатырмыз", - деді Нұрболат Қанай Instagram желісінде.
Ал желі қолданушылары әншінің жұбайының сұлулығына тамсанып, жылы лебізін жаудырды.
"Керемет", "Сұлу екен", "Бақытты болыңыздар", "Құсың құтты болсын", "Жастар бақытты болсын", "Жарасымды жұп", - деп пікір білдірді желідегілер.
Естеріңізге сала кетейік, әнші кеше сүйіктісімен мұсылманша неке қидырғанын айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2023954-musylmansa-nekesin-qidyrgan-nurbolat-qanaidyn-kelinsegin-uzatyp-aldy-video/