Top.Mail.Ru
RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Клипіме түскен жігіт - ұлымның әкесі": Меруерт Түсіпбаева отбасылық өмірі жайлы шындықты айтты

Жарияланған күні:

Меруерт Түсіпбаева
Меруерт Түсіпбаева. Фото: instagram/meruert_tusupbaeva

Халықтың сүйікті әншілерінің бірі Меруерт Түсіпбаева ұлының әкесі кім екенін айтты. Бұл туралы Қызықты Weekend бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қимай сені барамын" деген әнімнің бейнеклипінде түскен жігіт - менің ұлымның әкесі. Мен өмірімде бір-ақ рет тұрмысқа шықтым ғой. Ресми түрде үйленіп, ресми түрде ажырастық. Бес-алты жыл бірге тұрдық.

Қазір ол кісі Шымкентте тұрады, басқа отбасы бар. Бірақ оның екінші отбасынан бала-шаға жоқ, өкінішке қарай. Ажырасқан кезде алименттен түбегейлі бас тартқанмын. Сол кезде ипотекаға алған үй мен көлік болатын. Көлікті соған бердім де, үйді өзіме алып қалдым. Бірақ ресми түрде алименттен бас тарттым.

Құдайға шүкір, бір тал баламды ешкімге, әкесіне де тәуелді қылмай өсірдік. Ұлым қазақ-түрік лицейінде оқыды. Балам ешқашан ешнәрсеге мұқтаж болған жоқ. Бұрынғы жолдасым кішкентай кезінде қыдыртатын. Қарбалас кез еді ғой. Әкем бар деп өсті. Алматыда тұрған кезінде үйіне алып кетіп, араласты. Баланы көрмей кету деген болған жоқ.

Тұрмысқа шыққан кезімде Сарыағашта тұрдым. Қырық күн тұрдым. Қырық күннен соң жұмысқа кетіп қалдық. Бірақ қазір балам ата-әжесімен етене жаққын араласады деп айта алмаймын", - деді Түсіпбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2024507-klipime-tusken-zigit-ulymnyn-akesi-meruert-tusipbaeva-otbasylyq-omiri-zaily-syndyqty-aitty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif