Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

38 жастағы Әсел Сәдуақасова өзінен 7 жас кіші сүйіктісіне тұрмысқа шықты (видео)

Жарияланған күні:

Әсел Сәдуақасова сүйіктісімен
Әсел Сәдуақасова сүйіктісімен. Скриншот: instagram.com/asselsadvakassova

Қазақстандық актриса әрі кинопродюсер Әсел Сәдуақасова тұрмысқа шықты. Актриса заңды некесін қидырған сәтті Instagram желісінде көпшілікке көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Осымен бітті. 13.06.2023 біздің отбасымыздың туған күні", – деп жазды Әсел Сәдуақасова.

Видеодан Әсел Сәдуақасова мен сүйіктісінің неке жүзігін тағып, неке қию туралы куәлігін алғанын көруге болады.

Ал желі қолданушалыр актрисаға бақыт тілеп, лебізін жаудырды.

"Әсел, бақытты болыңыз", "Жарасымды жұп", "Отбасыңыз берік болсын", "Бақытты болыңыздар", "Құттықтаймыз", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, биылғы жылдың наурыз айында Әсел Сәдуақасованың өзінен 7 жас кіші жігітпен көңіл жарастырғаны белгілі болды.

Кейінірек актрисаның өзі бұл ақпаратты растап, сүйіктісін көпшілікке таныстырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2024602-38-zastagy-asel-saduaqasova-suiiktisimen-zandy-nekesin-qidyrdy-video/