"Әкемнен кешірім сұрауға кешігіп қалдым": Құралай Нұрқаділова әкесімен соңғы кездесуі туралы айтты
Жарияланған күні:
Заманбек Нұрқаділовтың қызы, белгілі дизайнер Құралай Нұрқаділова әкесі жайлы сыр шертті. Бұл туралы "Қыздар-ай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Дизайнердің айтуынша, ол бір апта бойы әкесіне телефон шалып, кешірім сұрамақ болған.
"Қайтыс боларынан екі ай бұрын маған келді. Біз сөйлестік. Бірақ бұл диалог емес, монолог еді. Папам сөйледі көбіне. Мен айта алмадым. Өксік болған. Көп сөз айтуым керек еді оған...
Ол мені көріп тұр, қолдап жүр деп ойлаймын. Бір жеті бойы оған телефон соғып, кешірім сұраймын деп ойладым. Бірақ күшім жетпеді. Миымда оны қабылдадым. Кешірдім.
Өттегі тастарға ота жасатып, наркоздан оянғанда оны кешіргенімді түсіндім. Ең бірінші ой сол болды. Сосын одан кешірім сұраймын деп ойладым. Бір апта бойы хабарласамын деп, ертеңге қалдыра бердім. Ең соңында суыт хабар алдым", - дейді Құралай Нұрқаділова.
Бұған дейін Құралай әкесіне көмектесем деген ниетпен психологияға бет бұрғанын айтқан еді.
Сондай-ақ дизайнер әкесі Заманбек Нұрқаділовпен болған соңғы әңгімесі туралы да баяндады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2024692-akemnen-kesirim-surauga-kesigip-qaldym-quralai-nurqadilova-akesimen-songy-kezdesui-turaly-aitty/