Сырым Әуезхан: Төреғалидің әншілік мансабын бастап бердім
Жарияланған күні:
Танымал айтыскер Сырым Әуезхан Төреғали Төреәлінің әншілік мансабын бастап берген өзі екенін мәлім етті. Ақын бұл жайлы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Төреғали (Төреәлі - ред.) аға екеуіміз жұптасқан айтыс олимпиадалық жүйемен өтетін болды. Бұрынғы айтыстарда ол кісі басқа ақындардың сөзін қолданғаны бар еді. Соны негізге алып алдым. Кәдімгідей қырғын айтыс болған. Ер шекіспей, бекіспейді дегендей айтыста бір тіресіп қалдық.
Бірақ одан кейін қол алысып, қазір ағалы-інілі болып араласып жүрміз. Сондықтан жақсы жағын айтайық. Мен Төреғали Төреәлінің айтыстағы мансабын тоқтатқан жоқпын, керісінше оның әншілік мансабын бастап бердім", - деді Сырым Әуезхан.
Естеріңізге сала кетейік, күні кеше әлеуметтік желіде Lexus көлігі жүргізушісінің ұсталған сәті тарап кетті. Оқиға куәгерлері ұсталған азаматты қазақстандық танымал әнші екенін айтуда. Ал кейінірек бұл ақпаратты полиция растап, мәлімдеме жасады.
Ал кешірек әнші Төреғали Төреәлінің 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2024899-syrym-auezxan-toregalidin-ansilik-mansabyn-bastap-berdim/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.