Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"АҚШ-та бірден қару қолданар еді": Мәжіліс депутаты Төреғали Төреәлінің әрекетін қатал сынға алды

Жарияланған күні:

Төреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі. Фото: instagram.com/toregalitoreali

Төреғали Төреәлиге қатысты даулы оқиғаға қатысты Мәжіліс депутаттары пікір білдірді. Бұл туралы "Жедел түсірілім" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай заң баршаға ортақ екенін еске салды.

"Енді өзім видеоларын көрдім. Заң бәріне бірдей ортақ. Сондықтан заңды бұздың ба, жауап беруің керек. Құқықтық бағасы берілуі керек міндетті түрде. Адвокаты күш қолданды дегенге қатысты жазып жатыр дейді. Енді ол "шық" дегенге шыға қоймаған адам ғой. Алдындағы көлікті сүйкеп кетті. Құдай сақтасын, Америкада мұндай жағдай болса, бірден қару қолданар еді. Заң қалай, солай шешіледі. Төреғали бол, сен бол, мен бол - заң бәрімізге ортақ", - деді Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай.

Ал тағы бір депутат Максим Рожин есірткінің арты жақсылыққа апармайтынын айтады.

"Мен өз басым ол жерде болмағам. Халық, әрине, пікір айтады. Біз Төреғали бауырымыздың өнерін сыйлаймыз. Өзінің көрермені, жанашыры бар. Ол - рас. Бірақ тәртіп сақшыларының айтқанына көнуіміз керек, қате болса - мойындауымыз керек. Бір нәрсені анық түсінуіміз керек - есірткі қазақ елінің болашағына үлкен қауіп төндіретін індет" - деді Мәжіліс депутаты Максим Рожин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2025196-aqs-ta-birden-qaru-qoldanar-edi-mazilis-deputaty-toregali-torealinin-areketin-qatal-synga-aldy/