Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Рахмет, әке": Димаш Құдайберген өмірден өткен атасына жазба арнады (фото)

Жарияланған күні:

Димаш Құдайберген атасымен
Димаш Құдайберген атасымен. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің осыдан бірнеше күн бұрын атасы өмірден өтті. Әнші Instagram парақшасында марқұм атасына жантебірентерлік жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Маған берген қанатың үшін, маған көкке қалай көтеріліп, көкжиегімді кеңейтуді үйреткенің үшін, жүз мектеп бере алмайтын рухани тәлімің үшін рахмет, әке! Саған деген алғысымды сөзбен жеткізе алмаспын. Айтқанымнан айтып үлгермегенім көп. Қош бол, әкетай! Мәңгі жүректесің. Жаның жұмақтан орын тапсын. Сенің, кенжетайың…

Барлық көңіл айтып жатқан ағайындарға Алла разы болсын. Отбасыңызда қайғы-мұң болмасын…", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 13 маусымында Димаш Құдайбергеннің атасы өмірден өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2025331-raxmet-ake-dimas-qudaibergen-omirden-otken-atasyna-zazba-arnady-foto/