Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайбергеннің атасы өмірден озды

Опубликовано:

Димаш атасы Құдайберген, әжесі Миуамен бірге
Димаш атасы Құдайберген, әжесі Миуамен бірге. Фото: instagram/miuaniz

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің атасы өмірден өтті. Бұл туралы желіде ақын әрі журналист Бауыржан Бабажанұлы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазақты күллі әлемге танытқан Димаштың атасы, қадірлі ақсақалымыз Құдайберген аға дүниеден озды. Алла алдынан жарылқағай. Қанат-Света, мықты болыңыздар!", - деп жазды Бауыржан Бабажанұлы.

Айта кетелік, Димаш марқұм атасы Құдайберген мен әжесі Миуаның тұңғыш немересі.

2019 жылы Құдайберген Айтбаев "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

2018 жылы Димаштың ата-әжесі үйленгендеріне елу жыл толуына орай "Алтын тойларын" өткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2024554-dimas-qudaibergennin-atasy-omirden-ozdy/

pixel