"Мені ешкім алмайды демеңдер": елімізге белгілі композитор 46 жасында тұрмысқа шықты (видео)
Жарияланған күні:
Белгілі сазгер әрі аудармашы Ғалия Шаудырбаева 46 жасында тұрмыс құрды. Бұл туралы композитордың өзі желідегі ресми парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Сазгердің айтуынша, бақытты болу ешқашанда кеш емес. Оның таңдауы Сермұхан есімді азаматқа түскен.
"Маған ешкім қарамайды, мені ешкім алмайды, жігіт жоқ, қыз жоқ" демей, жүректеріңізді тыңдаңыздар. Аллаһ тағала сізді жұбыңызбен жаратқан.
"Күйеуіңізбен қалай таныстыңыз?" деген сұраққа жауап берейін. Сермұханның суретін көргенде-ақ менің жүрегім сезді. Телефон номерімді сұрап хабарласты. Сөйлестік. Номерін "Менің күйеуім" деп сақтадым. Қыз-жігіттерге лайфхак болсын.
Бұл - өмір ғой. Кеше тойда маған тілектес игі жақсыларым, туыс-туған, дос-жараным жиналды.
Сермұхан екеуіміз, әрине, жиырмадағы үлбіреген жас емеспіз. Ана жаққа кетуге асыққан кәрі де емеспіз. 46 жасымда 46 жасар өз бақытымды таптым, шүкір", - деп жазды сазгер.
Желі қолданушылары сазгерге бақыт тілеп, ақ тілектерін жаудырған. Сондай-ақ тойда елімізге танымал өнер жұлдыздары да қонақ болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2025480-magan-eskim-qaramaidy-demender-elimizge-belgili-kompozitor-46-zasynda-turmysqa-syqty-video/