Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

86 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов TikTok желісіндегі танымал трендті қайталады (видео)

Опубликовано:

Нұрғали Нүсіпжанов
Нұрғали Нүсіпжанов. Фото: instagram.com/nurgali_nusipzhanuly_resmi

86 жастағы қазақстандық әнші, Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов TikTok желісіндегі танымал трендті қайталап, Instagram қолданушыларын сүйсінтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрғали Нүсіпжанов Танымал TikTok трендін бірнеше күн бұрын кәсіби мерекесін атап өткен медицина қызметкерлерімен бірге түсірген.

Әншінің өз парақшасында жариялаған видеосына желі қолданушылары бірден пікір білдірді.

"Керемет", "Енді трендті жабуға болады", "Жүз жасаңыз", "Менің сүйікті әншім", "Аман жүріңіз. Сізге жарасып тұр. Қайталап қарай бергің келеді", "Стиль керемет", "Аман болыңыз", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін желідегілер әлі күнге сымбатына сызат түсірмеген әншінің қалпына таңғалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2025525-86-zastagy-nurgali-nusipzanov-tiktok-zelisindegi-tanymal-trendti-qaitalady-video/

pixel