Отандық жұлдыздарға ән жазған танымал сазгер көше кезіп жүрген жерінен табылды
Жарияланған күні:
Танымал ақын, эстрада жұлдыздарының әндеріне сөз жазған Арман Қайназаров көше кезіп жүрген жерінен табылды. Бүгінде белгілі композиторға жанашыр жандар көмектесуде, деп жазады Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Талай жұлдыздарға ән жазып берген Арман Қайназаров тағдыр тәлкегімен адам танымастай күйге түскен. Ащы судың соңына түскен Арманды әлдекімдер Алматы көшесін кезіп жүрген жерінен тауып алған.
Үйі жоқ, күйі жоқ жігіттің сөзінше, ол сахна төрінде жүрген "мен" деген әншілердің біразына ән шығарып берген. Әсіресе, Абай Бегей, Лұқпан Жолдасов, Қарақат пен Қыдырәлі сынды өнер жұлдыздарына ән жазған.
Бүгінде көше кезген Арманды қанатының астына алатын продюсер табылды. Тимур Нұғманның айтуынша, ақын жігіт әбден қарызға батып, қиналған соң, сынып қалған.
"Әзірге дәптеріне жазып қойған 35-тей өлеңі бар екен. Өте жақсы жігіт. Менің байқағаным, ақкөңіл екен. Қолында не тұрса, соны бере салатын азамат екен. Сондықтан да осындай күйге түскен шығар", - дейді журналист әрі продюсер Тимур Нұғман.
Арманның жақындары да талай рет көмекке ұмтылыпты. Алайда онысынан дым шықпаған.
"Қолымыздан келгенше көмектестік. Әлі де көмектескіміз келеді. Ішімдікке беріліп кеткендіктен, достарына кетіп қалады. Бұл енді өмірдің сынағы ғой", - дейді Арманның туған інісі Алмас Қайназаров.
Енді Арман шығармашылыққа қайта бет бұрып, қалыпты өмірге оралуды көздеп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2025764-isimdiktin-sonynan-ketken-zuldyzdarga-an-zazgan-belgili-sazger-kose-kezip-zurgen-zerinen-tabyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.