Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрсын Алагөзов немерелі болды (фото)

Жарияланған күні:

Тұрсын Алагөзов
Тұрсын Алагөзов.. Фото: instagram.com/tursen_alaguzov

Отандық продюсердің жұбайы Тұрсын Алагөзов немерелі болды. Кәсіпкердің туған қызы өмірге сәби әкелді. Бұл жайлы Тұрсын Алагөзовтің бірінші әйелі Ляйсира Марат Instagram парақшасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Достарым, менің арманым орындалды. Кеше мен әже атандым.

Менің алғашқы немерем дүние есігін ашты. Мен бақыттымын және өмірдің осы сыйына алғысым шексіз. Айтарға сөзім жетпейді, сезімдер басым. Бір сәтте ән салып, билеп, шаттана күлгім келеді", - жазды Ляйсира Марат.

Ал желі қолданушылары Тұрсын Алагөзовтің бірінші әйелін немерелі болуымен шын жүректен құттықтап, лебіз білдірді.

"Бауы берік болсын", "Шын жүректен құттықтаймын", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ляйсира Марат экс-күйеуінің опасыздығынан кейін қалай өмір сүргенін айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2025870-tursyn-alagozov-nemereli-boldy-foto/