Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмірқұл Айниязов отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті

Жарияланған күні:

Өмірқұл Айниязов
Өмірқұл Айниязов. Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Отандық әнші Өмірқұл Айниязов отбасылық жаңалығын көпшілікке бөлісті. "Ұйқым келмейді" бағдарламасында өнер иесі жалғыз ұлының тамыз айында шаңырақ көтеретінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Тамыз айында келін түсіргелі жатырмыз. Өмірдің келесі белесі деп айтуға болады. Құдалардан ұят болмасын деп, есіктің алдын жинастырып, газонды дұрыстап жатырмыз. Бұйырса, көп уақыт қалған жоқ.

Биылғы үлкен қуанышымыз осы болады. Менің жалғыз ұлым, 23 жасқа келді. Ұлымнан кейін 21 жыл өткенде қызды болдым. Бұйырса, найман елімен құда боламыз. Құдаласып қойдық.

Өзінің бірге оқитын досы бар. Соның үйлену тойына барып, досының туысқан қарындасымен танысыпты. Енді досына күйеу бала болайын деп жүр", - деді Өмірқұл Айниязов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2026114-omirqul-ainiyazov-otbasyndagy-quanysty-zanalygyn-bolisti/