Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлдар мен қыздар бөлек жатады": отандық танымал әншілер халал балабақша ашты

Жарияланған күні:

Қуаныш Қарлығаш
Қуаныш пен Қарлығаш. Фото: instagram/kuanysh_karlygash

Қазақ эстрадасындағы танымал жұптардың бірі Қуаныш пен Қарлығаш 300 шаршы метрлік үйлерін халал балабақшаға айналдырды. Бұл туралы "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бұрынғы үйімізді бизнеске айналдырдық. Біреуге беріп кетпедім. Балабақша ашып, оған өзімнің әпкемді отырғызып қойдым. Аптасына бір рет өзім барып қадағалаймын. Барлығы да халал. Тамақтары да... Ұл балалар мен қыз балалар бөлек ұйықтайды. Барлығы да ондай сақталған.

Балаларға адал жұмыс істесем, Алла маған өзі де береді. Өзім де алты баланың анасы болған соң, балалармен қарым-қатынас сақталған, шүкір. Қазір өркендеп, тағы да біреуін салып жатырмыз", - дейді әнші Қарлығаш Мырзагелдиева.

Бағдарлама барысында Қарлығаш жұбайына армандап жүрген қымбат көлігін сыйлағанын да айтқан болатын.

Ал бұған дейін олар кіші ұлдарын қатерлі дерттен емдету үшін біраз уақыт Түркияда тұрып келген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2026312-uldar-men-qyzdar-bolek-zatady-otandyq-tanymal-ansiler-xalal-balabaqsa-asty/