"Таңғы бесте тұрып, грузчик болатын": Жазира жолдасы Жанболаттың қара жұмыс істеген кездерін еске алды
Жарияланған күні:
Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира отбасылық өмірдегі қиын кезеңдерді еске алып, нан табу үшін кафелерде ән айтқан кездерін еске алды. Бұл туралы "Төртеу түгел" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Қиыншылық сол кезде болды. Отбасын құрған соң, жауапкершілік болғаннан кейін, күн демедік, түн демедік, жұмыс істей бердік. "Сайран" автовокзалында күндіз грузчик болып жұмыс істейміз. Кешке кафеде ән айтамыз. Сөйтіп жетістікке жеттік қой. Пәтерімізді алдық. Ән жаздырттық, аппаратура алдық, сахнаға шықтық", - дейді Жанболат Ербатыров.
Әншінің жұбайы Жазира отбасылық өмірдің алғашқы жылдарындағы жоқшылық кезеңдерге тоқталды.
"Таңғы бесте тұрып, грузчик болатын. Кешке алтыда келіп, асығыс тамағын ішеді. Сосын кафеге ән айтуға барамыз жетіде. Мен де жұмыс іздеп, әр ресторанға бас сұғамын. Ыдыс жуушы болсам да істегім келетін. Жанболат оқушылар сарайында гитарадан сабақ та берді. Бос уақыт болмайтын. Ал ол жерде алты-жеті айлық жоқ. Үйде тамақ жоқ. Әпкеміздің үйіне барамыз. Бірақ бізде намыс мықты болатын. Ешкімге жоқтығымызды білдірмедік", - дейді Жазира Байырбекова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2026462-tangy-beste-turyp-gruzcik-bolatyn-zazira-zoldasy-zanbolattyn-qara-zumys-istegen-kezderin-eske-aldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.