Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жетім өстім": әнші Құдайберген Бекіш қиындыққа толы балалық шағын еске алды

Жарияланған күні:

Құдайберген Бекіш
Құдайберген Бекіш. Скриншот: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Отандық танымал әнші Құдайберген Бекіш күннің суығында аяқ киімсіз жүрген сәттерін баяндап берді. "Ұйқым келмейді" бағдарламасына келген әнші қиыншылықпен өскен балалық шағын еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өзімді халықтың баласымын деп ойлаймын. Мен ешкім емеспін. Мен аспаннан салбырап түспедім. Қиыншылықты, қара нан мен қара судың не екенін біліп өстім. Тоқшылықта өскен емеспін. Мен жетім өстім. Үшінші, бесінші сыныптан күл шығарып, от жағып, шешемізге қолғабыс еттік. Күннің суығында аяқ киімсіз, аяғымыз үсіп өстік. Өмір осындай болу керек деп ойладық. Осы адамды қатайтады екен.

Қазір ғой ұстаз бірнәрсе десе, ата-анасы желіге шығарады. Біз қатал тәртіппен өстік.

Мектепте қатты оқыған жоқпын. Өйткені, түнгі киноға, клубқа, концертке баратынмын. Сөйтіп жүріп 8 сыныптан кәсіптік-техникалық білім беру бөліміне оқуға түстім. Сол жер керемет болды. "Жас дәурен" деген маған арналған ансамбль ашылды. Гүлжаһан Қалиева деген кісі Қызылорда облысы бойынша мені таңдап, оқуға түсірді. "Әкесі жоқ, көмектесейік" деді ме, әкеліп оқуға түсірді. Мен "Әскерге кетем, балалардың бәрі кетіп жатыр" дедім. Сөйтіп, Венгрияға әскери борышымды өтеуге бардым", - деп Құдайберген Бекіш жастық шағын еске алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2026574-zetim-ostim-ansi-qudaibergen-bekis-qiyndyqqa-toly-balalyq-sagyn-eske-aldy/