Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелім шайпау емес": 66 жастағы Құдайберген Бекіш жас көрінуінің құпиясын бөлісті

Опубликовано:

Құдайберген Бекіш
Құдайберген Бекіш. Скриншот: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

66 жасқа келген отандық танымал әнші Құдайберген Бекіш өзін қалай күтетінін айтты. "Ұйқым келмейді" бағдарламасына келген өнер иесі сымбатын сақтауының құпиясын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Замандас туған қатарластарым қартаймайды. Ол кезде халықтың ниеті түзу, әлеуметтік желі жоқ. Ел тыныш өмір сүрген, жұмыссыз адам жоқ. Мемлекет халықты түгелдей қамтамасыз ететін уақыт еді. Бізді туған кезде шешелеріміз күйзеліс алмаған.

Ал шынымды айтар болсам, мен спортты жақсы көремін. Өз өзіммен жұмыс жасаймын. Өнер академиясында оқып, жұмыс істеген кезде өзіммен жұмыс жасау деген әдет қалыптасты. Күніне 8-10 шақырым жаяу жүремін. Жүрмесем, ұйықтай алмаймын.

Адамның ішкі жан дүниесі де таза болу керек. Қазір бір-бірін мақтап, даттайтындар көп. Мен біреудің өміріне араласпаймын. Әркім өз тағдырына өзі жауап береді. Одан бөлек, менің тамаша достарым бар. Әйелім жақсы адам, шайпау емес. Ұлым, немерем бар. Келінім тіпті жақсы адам. Адам өз өмірін сүру керек. Қолдан келсе, жақсылық жасау керек", - деді Құдайберген Бекіш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2026580-aielim-saipau-emes-66-zastagy-qudaibergen-bekis-zas-korinuinin-qupiyasyn-bolisti/