Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйдегі заттарды сындыратын": Қайрат Әділгерейдің жұбайы әзілкештің ашуы жаман екенін айтты

Жарияланған күні:

Қайрат Әділгерей, Бақыт Тұрман
Қайрат Әділгерей, Бақыт Тұрман. Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Отандық әзілкеш Қайрат Әділгерейдің жұбайы Бақыт Тұрман күйеуінің ел білмейтін мінезі жайлы айтты. "Ұйқым келмейді" бағдарламасында әнші күйеуінің тез ашуланып, ыдыс сындыратынын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Шынымен де Қайраттың ашуы жаман. Тез ашуланады. Қазір кішкене қойды. Үйде талай зат сынды. Талай рет үйде сағат, көзілдірік сынды. Көліктің магнитофоны кетті.

Ал мен керісінше, үйдің заттарына ұқыпты адаммын. Киім кисем де, бір зат алғанда да ұзақ мерзімге шыдағанын қалаймын. Менің кез келген затым қалай келді, солай тұрады. Мен "Қолыңның уы бар" деймін. Ұстап қалған заты сынып кетеді, жырып кетеді", - деді әзілкештің жұбайы.

Сонымен қатар Бақыт Тұрман осы жағдайдан кейін күйеуін невропатолог маманына жібергенін айтты.

"Ашуланған кезде өзін ұстай алмайтын сәттер болады. Қазір орта буынбыз ғой. Жас кезінде аяқ астынан құтырып, тебетін. Материалдық шығынға ұшырап жүрдік. Мен де ұқпай қалатынмын. Сосын мен "Олай болмайды. Нервопатологқа, психологқа бару керек" деп айттым. Сосын невропатологқа жібердім", - деді Бақыт Тұрман.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қайрат Әділгерей төрт бөлмелі жаңа үй алғанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2026811-uidegi-zattardy-syndyratyn-qairat-adilgereidin-zubaiy-azilkestin-asuy-zaman-ekenin-aitty/