"8 жыл артынан жүгірген": Қайрат Әділгерей жұбайын қалай қаратып алғанын айтты
Жарияланған күні:
Отандық әзілкеш Қайрат Әділгерей жұбайы Бақыт Тұрманды жар ету үшін 8 жыл бойы сезім білдірген. "Ұйқым келмейді" бағдарламасында отау құрғанына 17 жыл болған жұлдызды жұп ел білмейтін құпиясын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бағдарлама барысында Қайрат Әділгерейге "Жалпы есептеп қарағанда, 8 жыл жұбайыңыздың артынан жүгірген екенсіз. Бұл батырлық деп ойлаймын", - деді Нұрсұлтан Құрман.
Сонымен қатар бағдарлама жүргізушісі Қайрат Әділгерейге сегіз жыл бойы тоқтаусыз бір ғана қыздың артынан жүгіргені үшін "Қадалған жерден қан алған романтик" номинациясын табыстады.
"Мен негізі 22 жасымда отау құрдым. Баламыз ғой. Мұны (әйелін -ред.) қатты жүгіреді деді. Мен бір апта жүгірсем, бұл бір ай жүгіріп кетеді. Ойнап айтамын", - деді Қайрат Әділгерей.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бақыт Тұрман күйеуі Қайрат Әділгерейдің ашуы жаман екенін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2026820-8-zyl-artynan-zugirgen-qairat-adilgerei-zubaiyn-qalai-qaratyp-alganyn-aitty/