Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барлығы бас салды": белгілі актер өзін "Бауыржан шоу" театрынан қуып жіберген кезін еске алды

Опубликовано:

Мәлік Әбдіраман бағдарлама барысында
Мәлік Әбдіраман. Фото: БазарLike

Танымал актер әрі асаба Мәлік Әбдіраман өзінің "Бауыржан шоу" театрынан неге кеткенін айтты. Бұл туралы БазарLike бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Көп адамның артынан ердім. Солардың шашбауын көтердім. Солардың шопыры да болдым. Үйлерінде қандай тұрмыстық жұмыстар бар, соларды істеп жүрдім. Ол үшін өкінбеймін. Бәрі де сол өнер адамдары ғой. Өнердегі көкелерім.

Құдайдан жасырмағанды адамнан несін жасырамын. Біз Қызылордаға барғанда барлығы жиналып, мені жұмыстан шығарып жіберді. "Бауыржан шоуда". Барлығы бас салды да: "Сен көптің бірісің, сенің ешқандай актерлік қабілетің жоқ. Сен кет, егер кетпеймін десе, администраторлық жұмысты атқар", - деді. Сол нәрсе маған себеп болды. Егер сол нәрсе болмағанда, мен қатардағы актер болып қалар едім. Маған қамшы болды. Мен ренжідім оларға. Бірақ қазір солардың әрқайсысының айтқанына ризамын. Әр жаманның артында бір жақсы іс бар деген нәрсеге сол кезде көзім жетті.

"Бауыржан шоуда" барлығы менің кетуімді қалап дауыс берді. Сол күні мен Қызылордадан Алматыға қарай пойызға мініп, келгенше көзімнің жасы кеппеді. Түскен бойда Ғабит Мүсірепов атындағы театрға барып, жұмысқа орналастым. Майғазиев жұмыстан шығып жатыр екен. Соның орнына "Қыз Жібек" спектакліндегі Сансызбайдың рөлін ойнап шықтым", - дейді актер Мәлік Әбдіраман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2026866-barlygy-bas-saldy-belgili-akter-ozin-bauyrzan-sou-teatrynan-quyp-zibergen-kezin-eske-aldy/