Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қос қолдап құптаймын": Досымжан Таңатаров көп әйел алатындарды заң жүзінде қолдау керектігін айтты

Опубликовано:

Досымжан Таңатаров
Досымжан Таңатаров. Скриншот: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Отандық әнші Досымжан Таңатаров тоқал алатын ер адамға қолдау көрсету керектігін айтты. "Ұйқым келмейді" бағдарламасына келген өнер иесі екінші әйел алған азаматты қос қолдап құптайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі әншіден "Сіз көп әйел алатындарды заң жүзінде қолдау керек депсіз. Бұл сіздің сөзіңіз бе?", - деп сұрады.

Ал әнші жоғарыда айтылған сөзді өзі айтқанын және бұл ойына әйелдердің қарсы болатынын айтты.

"Әрине. Қазақ әйелдері 20 миллион халықты көбейтудің жолын қарастыру керек деп ойлаймын. Елімізде екінші әйел алып, заңдастыра алмай жүрген жігіттер қанша? Менің бұл ойыма бүкіл әйел қарсы және ол - заңдылық. Мұндайға он мың әйелдің бірі ғана келісуі мүмкін. Адам өзі жақсы көрген жарын біреуге қия салмайды ғой.

Белгілі бір статистиканың нәтижесі деп айта алмаймын. Бірақ, екінші, үшінші әйел болып тұрмысқа шыққысы келетін, "Екі балам, үш балам бар, қиналып кеттім. Маған пана болатын еркек табыла ма" дейтін келіншектер туралы жігіттердің арасында әңгімелер болады. Біз елдің ортасында жүреміз, әлеуметтік желідегі парақшамызға да хат жолдайтын қанша келіншектер бар. Оны жариялай бермейсің. Бірақ сондай жағдайлар көп. Осындай жағдаймен екінші әйел алған қанша ер адам бар. Сол отбасы аяқтанып кетсін деп көмек жасаған жігіттерді де білеміз.

Мен тоқал алайын не алмайын, бірақ екінші әйел алған адамды қос қолдап құптаймын. Тоқалды жария түрде алған адам - жігіттің жігіті. Оған рұқсат берген әйелі де мықты. Бірақ әйелің қарсы болып, ажырасып кететіндей жағдайға жетсең, онда қажеті жоқ. Егер өзіңнің әйелің бала-шағамен жесір қалатын болса, басқа әйелді жарылқағаннан не пайда", - деді Досымжан Таңатаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2026929-qos-qoldap-quptaimyn-dosymzan-tanatarov-kop-aiel-alatyndardy-zan-zuzinde-qoldau-kerektigin-aitty/