Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелдеріміз де ұқсайды ғой": актер Жахан Отарғалиев өзінен "айнымайтын" жігітпен видео арқылы сөйлесті (видео)

Опубликовано:

Жахан Отарғалиев күліп отыр
Жахан Отарғалиев. Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev

Отандық актер Жахан Отарғалиев өзіне ұқсайтын жігітті жолықтырды. Олардың видеомен сөйлескен сәті әлеуметтік желіге тарап кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео "Өмірлік кеңес" Instagram парақшасында жарияланған.

"Жахан өзінің егізін тапты. Ұқсайды ма?", - деп жазылған видео жазбасында.

Ал видеодан Жаханның өзіне аумайтын жігітті көргенде күлкіге ерік беріп, таңғалғанын көруге болады.

"Екеуіміздің әйелдеріміз де ұқсайды ғой", - деді Жахан Отарғалиев күліп отырып.

Желі қолданушылары да актер мен жас жігіттің ұқсастығына таңғалғанын жасырмай, пікір қалдырды.

"Аумайсыздар", "Ұқсамайтын сияқты", "Жақсылап күліп алдым", "Шаш үлгісі ұқсайды", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2027087-aumaisyzdar-akter-zaxan-otargaliev-ozinin-egizin-zolyqtyrdy-video/

pixel