Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әрең келісті": әнші Бүркіт 80-нен асқан ата-анасын қолына көшіріп алды (видео)

Жарияланған күні:

Бүркіт әйелімен, анасымен
Бүркіт әйелімен, анасымен. Скриншот: instagram.com/berkut_aibekjan

Отандық әнші Бүркіт ата-анасын Алматы қаласына, өз қолына көшіріп алғанын айтты. Бүркіт есімімен танымал әнші Айбек Жансейітовтің әкесі мен анасы 80-нен асқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы Бүркіт Instagram парақшасында баяндады.

"Ал, Алланың қалауымен әке-шешемізді Алматыға, қолымызға көшіріп алдық. Бірінші күн. Көшуге әрең келісті ғой", - деп жазды Бүркіт.

Айта кетейік, осыған дейін Бүркіттің анасы келіні Аишаның қолына көшіп келетіні жайлы баяндаған болатын.

Желі қолданушылары әншінің бұл ісіне ризашылығын білдіріп, жылы лебізін жаудырды.

"Дұрыс жасағансың, Айбек", "Ата-анаңа не жасасаң, алдыңа сол келеді", "Ата-анаңды бақсаң, қор болмайсың", "Аиша үлгілі келін", "Жарайсың, Бүркіт", "Айбек, айналайын! Ұл болса, сендей болсын", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2027114-aren-kelisti-ansi-burkit-80-nen-asqan-ata-anasyn-qolyna-kosirip-aldy-video/