Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкемді жек көріп өстім": отандық әнші Жеңісхан өз өкінішін бөлісті

Опубликовано:

Жеңісхан
Жеңісхан. Скриншот: Асхат Садырбайдың бағдарламасы

Отандық әнші Жеңісхан әкесін жек көріп өскен кезін еске алып, жан сырын ақтарды. Асхат Садырбайдың бағдарламасына сұхбат берген әнші әкесін жер қойнына тапсырғаннан кейінгі өкінішін баяндады, деп жазды KAZ.NUR.KZ.

"Әкеммен кішкентай кезімнен араласпағанмын. Мен кішкентай кезімнен әкемді жек көріп өскен екенмін. Өйткені, кішкентай кезімде ата-анам айырылысып кеткен. Ешкім түсіндірмеген. "Әкең жаман" деген қатынас болған.

Әкенің жасаған жақсы қасиеттері бар екен. Бірақ біз оны жадымыздан өшіргенбіз. Бізге "жаман, тастап кетті" дегеннен кейін іште қатты реніш болады екен. Киноға дайындалып жатырмын. Маған "Әкең өмірден өтті" деп хабарласты. Барып, жер қойнына тапсырдым. Содан кейін әкемнің басына төрт жылдан кейін бір-ақ бардым. Негізі әкесі қайтыс болғаннан кейін үш күн басында болып, құран оқу керек екен. Мен өмірімде берекет жоқ деп кінәлап жүргенімнің себебі, әкем жағынан байланысты үзген екенмін.

Әкесінің зиратына барғанда суретін сүртеді ғой. Неге деп ойлайтын едім. Осы жолы өзім барғанда солай жасадым. Әкемнің суретін сүрткенде, ол ризашылығын көрсеткендей болды. Содан келгесін, көп жобаларым шешіліп жатыр", - деп айтты Жеңісхан.

Сонымен қатар әнші әкесінің өзін іздеп, хабарласқанын айтты.

"Ол мені іздеді. "Неге мені сонша жек көресің? Балам қалайсың? Неге маған хабарласпайсың? Мен саған не істедім сонша" деп хабарласты. Бірақ ол кезде 19-20 жастамын, ән айтып жүрген кезім. Сол үшін ол уақытты өткізіп алдым.

Екі ағам, бір әпкем бар. Олар әкеммен қатты араласты. Тек кенжесі мен ғана араласпадым. Олар ажырасқан кезде мен кішкентай болдым. Сосын анам күйеуге шықты да, мен өгей әкемнің қолында өстім. Менің бойыма өгей әкемнің мінезі, сөйлеу әдебі сіңген. Әкем жайлы сұрағанда "Ой, сенің әкең" деген сөз естідім.

Бірақ әке мен ұл араласу керек. Әкең жынды болса да, кішірейіп, басыңды иіп хабарласу керек екен. Мен әкем өмірден өткенде түсінбедім. Бұл қалыпты сияқты көрінді. Уақыт өте келе, әке болғалы ойландым. Өкінішке қарай, менің өмірімде осылай болды", - деді Жеңісхан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2027141-akemdi-zek-korip-ostim-otandyq-ansi-zenisxan-oz-okinisin-bolisti/