Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"АБК", "К-7" топтары қайта құрыла ма: Ерлан Көкеев жауап берді

Опубликовано:

Ерлан Көкеев, Медеу Арынбаев
Ерлан Көкеев, Медеу Арынбаев. Фото: nege.kz

Танымал "АБК" тобының солисі, 2000 жылдан бері "К-7" ВИА продюсері, музыкалық жетекшісі және солисі болған Ерлан Көкеев ел көкейіндегі сауалға жауап берді. Өнер иесі NEGE.KZ сайтына берген сұхбатында "К-7" тобын алдағы уақытта қайта жасақтауды ойлап жүргенін айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"K-7 тобы аттай 23 жыл аянбай қызмет жасады. Осы уақыт аралығында ұжымнан көптеген барабаншылар мен гитарашылар, саксафоншылар түледі. Ашығын айтқанда әрайсысы өз алдына мүйізі қарағайдай бір-бір музыкант  боп қалыптасты. Қазір барлығымыз бір туған бауырлардай арнайы чат ашып, бір-бірімізден хабар алмасып отырамыз.

Сондықтан қандай жағдайда музыкант іздеп алысқа шапқыламаймын, олар үнемі ағалап қасымнан табылады. Мұны еңбегімнің жемісіне балаймын. Бұйырса, алда топты жаңа құраммен қайта жасақтамақ ойым бар", - деді Ерлан Көкеев.

Сонымен қатар Ерлан Көкеев "АБК" тобындағы әншілермен де араласып тұратынын айтты.

"Осы көктемде үлкен қызым тұрмысқа шықты. Медеу Арынбаев досым келіп, қуанышыма ортақтасып кетті. Біз екеуміз өте жақсы араласып, бір-бірімізге үнемі қолдау танытып отырамыз", - деді Ерлан Көкеев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2027253-abk-k-7-toptary-qaita-quryla-ma-erlan-kokeev-zauap-berdi/

pixel