Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелін туған күнімен құттықтаған Абай Бегей көпшілікті сүйсінтті (видео)

Опубликовано:

Абай Бегей жұбайымен
Абай Бегей жұбайымен. Фото: instagram.com/abai_begei

Отандық әнші Абай Бегей жұбайын туған күнімен құттықтап, үлкен гүл шоғын сыйлады. Әншінің әйеліне тосынсый жасаған сәтті Instagram желісінде көпшілікке бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Фариза, туған күнің құтты, берекелі жас болсын. Ұл-қыздарымыздың жақсылығын тең көрейік. Алла екі дүние бақытын нәсіп етсін", - деп жазды Абай Бегей.

Видеодан үлкен гүл шоғын қолына ұстаған Абай Бегей мен ұлын және көмекшісін көруге болады.

Видеода әнші әйелін құттықтауға дайындалып жатқанын айтты. Кейінірек Абай Бегейдің үлкен ұлы бетіне 18 саны жабыстырылған торт алып шығады.

Видеоны көрген желі қолданушылары әншінің жұбайына бар жақсылықты тілеп, лебіз білдірді.

"Бақытты болыңыздар", "Келіннің жүзінен нұр төгіліп тұр", "Жас болса да, бас болып жүр", "Осы шаңырақтың берекесі Фаризаның қолында", "Жарасымды отбасы", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2027266-aielin-tugan-kunimen-quttyqtagan-abai-begei-kopsilikti-suisintti-video/

pixel