Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған қатал болуына себеп көп болыпты": Жазира Байырбекова енесімен қатынасын айтты

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Отандық әнші Жазира Байырбекова енесімен қандай қатынаста екенін айтты. "Менің өмірім" бағдарламасында әнші алғаш келін болып түскен уақытта енесінің қатал болғанын да баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Енем қатал болды. Қазір мен енді жасым ұлғайған соң "Неге олай болды? Неге бұлай болды?" деп бәрін саралаймын ғой. Екеуіміздің де (күйеуі - ред.) отбасымыз қарапайым болды. Ол кезде күнкөріс емес, жанбағу болды. Ол кезде "Өмір сүру", "Өмірдің рахатын көру" деген болмады. Ол кезде "тамағын тауып жеу" деген заман болды. Менің ғана емес, көп отбасыда солай болды. Материалдың жағдайы жақсы отбасы ол кезде сирек болды.

"Бұлар күн көріп кетуі үшін, отбасы боп кетуі үшін жақсылап тәрбиелеуім керек" деген ой болған шығар. Мен келін болып түспей тұрып, қайын атам қайтыс болған. "Шал кетті. Бұларға мен бас-көз болуым керек" деген шығар. Менің алдымда бір келін келіп, қайта кетіп қалған. "Тағы сондай келін келді ме" деп қорыққан шығар. Оның үстіне өзім Шымкент облысының қызымын. "Шымкенттіктер" десе, қорқатын заман болған. Қазір де сондай негізі. Ойласам, маған қатал болуына себеп көп болыпты", - деп ағынан жарылды әнші.

Сонымен қатар Жазира Байырбекова бүгінгі таңда енесімен қарым-қатынасының жақсы екенін жеткізді.

"Енем мені шын көңілмен жақсы көретінін, тілекші екенін білемін. Осы жақында маған айтты. Ол кісі келіндерін көп мақтай бермейді. Бірақ маған "Сен Алланың маған берген бағысың. Алла сені маған бақ қылып жіберген ғой" деп айтты. Осындай жылы сөздер айтып тұрады. Өткеннің бәрі сабақ қой. Кей нәрсе білместікпен, кей нәрсе бірнәрсенің жақсы болуы үшін жасалады", - деді Жазира Байырбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2027267-magan-qatal-boluyna-sebep-kop-bolypty-zazira-baiyrbekova-enesimen-qatynasyn-aitty/

pixel