Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тоғыз баласының ешқайсысының қарауға уақыты жоқ": Жазира Байырбекова ауыр дертке шалдыққан анасы туралы айтты

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: Жетінші арна

Елімізге танымал өнер жұлдызы Жазира Байырбекова анасының денсаулығы жайлы сөз қозғады. Бұл туралы Қызықты Weekend бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Осыдан жеті-сегіз жыл бұрын маған дәрігерлер айтқан болатын. "Кез келген уақытта дайын жүр. Анаңыздың жағдайы қиын. Басына 50 пайыз қан-сұйықтық құйылған", - деді. Сол кезде Алла тағаладан жалынып сұрадым: "Басқа да бауырларым бар. Анамның ризашылығын алуым керек. Ең болмаса 5 жыл уақыт берші", - дедім. Сол тілегім қабыл болды.

Қазір анам жақсы. Денсаулығы көңіл-күйіне байланысты. Негізі бәрі көңіл-күйге байланысты екен. Қасында өзінің жақсы көретін туған қайын сіңлісі бар. Сол кісі қарап жатыр. Анамды жақын жерге көшіріп алып келдім.

Тоғыз баласы бар. Тоғыз баласы болса да, тоғыз баланың ешқайсысының қарауға уақыты жоқ. Жұмыс, бала-шағасы бар. Анамның қайын сіңлісі Айткүл әпкеме рахмет. Бәріміздің міндетімізді атқарып отыр қазір. Бір бөлмелі пәтерді менің балам Қазыбек сатып әперді", - деді әнші.

Сондай-ақ Жазира Байырбекова анасын қалай емдеткенін айтты.

"Біз анамды Кореяға апармақ болғанбыз. Бірақ дәрігерлер бұл аурудың емі жоқтығын айтты. Ота да жасалмайды, дәрімен де емделмейді. Тек осы қалыпты ұстап тұру керек. Сол кезде басына құйылған қан 50 пайыз болатын. Қазір енді одан көбірек.

Көңіл-күйі жақсы болса, анам жақсы жүреді. Сол өзінің қайын сіңлісі көңілін жақсы табады. Үлкен адамның көңілін табу оңай емес қой. Ол кісі өзінің де енесін баптап, бағып, о дүниеге шығарып салған соң, жеңгесін қарап отыр.

Үлкен кісіге қарап отырған ұл-қызға, келіндерге басымды иемін. Бұл кез келген адамның қолынан келмейді. Үлкен қарияны Алладан келген мейірімділігі бар адам ғана қарай алады", - деді Жазира.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2027283-miyna-qan-quiylgan-zazira-baiyrbekova-togyz-balaly-anasyn-ozinin-qaiyn-sinlisi-bagyp-otyrganyn-aitty/

pixel