Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екеуі бөлек кетті": Дидар Кәден әкесі мен анасының ажырасуына не себеп болғанын айтты

Опубликовано:

Дидар Кәден
Дидар Кәден. Фото: Instagram/didarkadenkz

Елімізге танымал жүргізуші, шоумен, актриса Лидия Кәденованың ұлы Дидар Кәден алғаш рет әкесі туралы естеліктерін бөлісті. Бұл туралы "Өмірдің өзі" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Әкем жайлы көп ақпарат жоқ. 1980-90 жылдары ол жайлы ақпарат көп болған. "Бауыржан шоу" театрының негізін қалаушылардың бірі. Керемет дауыс иесі болған. Ең басында Бауыржан ағаларымызбен бірге қалаға келіп, оқып, кейін Ғабит Мүсірепов атындағы театрда жұмыс істеді. Сол жерде менің анаммен танысып, кейін "Бауыржан шоу" театрының іргетасын қалаған.

Көбінесе әкімшілік жұмыстармен айналысты. Алмат, Мұқасан, Жанатбек ағалардың басын қосып, осы театрды құрады. "Бауыржан шоудың" жеке-меншік әншісі ретінде танылған. Өмірінің соңына дейін өлең айтып, той жүргізді. Өнерден алшақтаған жоқ. Есімі - Ермек Әуелбеков. Созақ ауданында дүниеге келген. Сол жақтың құрметті азаматы.

6-7 сыныпта оқып жүргенде, әкем мен анам бөлек кетті. Бірақ байланысым үзілген жоқ. Барып тұрдым. Өмірінің соңғы жылдарында жұмыс болған жоқ. Жалғыз тұрған соң, күйбек тіршілік қиын болды. Тамақ апарып беремін. Сол кезде ескі киноларды, қоғамдағы жайттарды талқылаймыз.

Ажырасуының себебі - ішімдік, тұрмыстық мәселелер. Жаспын ғой, ер жеткен шағым. Анаңның сөзін сөйлейсің. Кейін әкеммен тойға да, қонаққа да барып жүрдік", - деді Дидар Кәден.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2027406-ekeui-bolek-ketti-didar-kaden-akesi-men-anasynyn-azyrasuyna-ne-sebep-bolganyn-aitty/

pixel