Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкемнің қайтқанын бірінші өзім көрдім": Дидар Кәден жақынынан айырылған сәтін еске алды

Опубликовано:

Дидар Кәден әкесімен
Дидар Кәден әкесімен. Фото: El Arna

Жүргізуші әрі әнші Дидар Кәден алғаш рет әкесінен айырылған кезі туралы айтып берді. Бұл туралы "Өмірдің өзі" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Анамды театрға апара жатып, папам үйіне соға салайыншы дедім. Бір заттарды беруім керек еді. Сол кезде папамның қайтқанын мен өзім бірінші көргем. Терезеден. Бірінші қабатта тұрады. Есікті ашпаған соң, өзімнің кілтімді салып көрдім. Ашылмады. Терезеден қарағанымда өзім көрдім. Содан соң балаларды шақыртып, мамады театрға жібердім. Өзім сол жерде қалып қойдым.

Аптасына бір рет тамақ апарып бердім. Кейде телефон шалады. Ол кезде Kaspi деген жоқ. Әкем ғой... "Балам, темекіге, жолға ақшам болмай тұр", - дейді. Машинаға отырам да, дереу әкеліп беремін. Қаланың ішінде, бір ауданда тұрамыз ғой.

Сәл ұрттап алып, телефон соққан сәт болды. Көңіл-күйі күшті екен. "Бәрі жақсы, уайымдамаңдар", - деді. Екі күн хабарсыз кетті. Үшінші күні хабарласып едім, алған жоқ. Ішім бірдеңені сезгендей болды. Кешкісін анамда спектакль, комедия ойнауы керек. Жаңағыдай оқиға болды. Анам сахнаға шығарда, спектакль басында естіпті.

Ол кезде жиырмадан енді асқан шағым, әлі үйленбегем. Ондай нәрсе көрмегем. Папаның жақсы екі досына, қарындасына хабарластым. Үйге адамдар келіп жатыр. Бәрі өзіңді қолыңа ал деп жатты. Марқұм папаның достары, көп көмектескен кісілер болды", - деді Дидар Кәден.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2027410-akemnin-qaitqanyn-birinsi-ozim-kordim-didar-kaden-zaqynynan-aiyrylgan-satin-eske-aldy/

pixel