Мадина Сәдуақасова ұлының туған күнін ерекше стильде атап өтті (видео)
Жарияланған күні:
Отандық әнші Мадина Сәдуақасованың ұлы Әнуар 9 жасқа толды. Өнер иесі ұлының туған күнін ерекше стильде, дүркіретіп атап өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің айтуынша, ұлы Әнуар баскетболды жақсы көреді. Сол себепті туған күн де баскетболшы Майкл Джордан стилінде жасалған.
"Әнуардың туған күні баскетболшы Майкл Джордан стилінде жасалды. Балабақшадан келе жатқан достары, сыныптастары, жалпы 42 бала қонаққа келді. 9 жас", - деп жазды Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасында.
Желі қолданушылары да әншінің ұлына ақ тілегін жаудырды.
"Керемет", "Балалық шақтың ең ыстық естелігі ғой", "Адам бала шағында қандай бақытты болса, өскенде сол бақытқа ұмтылады", "Әнуардың туған күнін жылда ерекше стильде жасап бересіз", "Ұлыңыздың ғұмыры ұзақ болсын", - деп жазды желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2027460-madina-saduaqasova-ulynyn-tugan-kunin-erekse-stilde-atap-otti-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.