"Армандар орындалады": қазақстандық каскадерлер әйгілі Джеки Чанмен кездесті (фото)
Опубликовано:
![Қазақстандық каскадерлер Джеки Чанмен Қазақстандық каскадерлер Джеки Чанмен](https://cdn.nur.kz/images/1120x630/81b33753e33e3136.jpeg)
Қазақстанның "Nomad Stunts" халықаралық кәсіби каскадерлер тобы әлемге танымал актер, каскадер, режиссер әрі продюсер Джеки Чанмен кездесті. Бұл туралы топ Instagram-дағы ресми парақшасында жазды.
"Армандар орындалады! Джеки Чанмен танысып, оның жаңа филімінің түсірілім алаңында болдық. Әзірге басқа ештеңе айта алмаймыз. Бірақ алдағы уақытта жақсы жаңалық күтіңіздер!", – деп жазды каскадерлер.
Айта кетейік, "Nomad Stunts" каскадерлері "Disney" түсірген "Мулан", "Томирис", Netflix-тің "Корольге хат" фильміне, Киану Ривз басты рөлде ойнаған "47 ронин", "Неудержимые 2", "Рэкетир 2", "Анаға апарар жол" және "Шал" сынды фильмдерге түскен.
![Жандарбек Күнғожин Джеки Чанмен Жандарбек Күнғожин Джеки Чанмен](https://cdn.nur.kz/images/1120/2252e882ba732be1.jpeg)
Топты 2000 жылы трюк қоюшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жандарбек Күнғожин құрған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2027515-armandar-oryndalady-qazaqstandyq-kaskaderler-aigili-dzeki-canmen-kezdesti-foto/