jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Дауысы Димаштан айнымайды": құрылыста жүріп ән салған жігіт көпшілікті таңғалдырды (видео)

    Желіде танымал болған жігіт
    Желіде танымал болған жігіт. Скриншот: instagram.com/zhuldyzdy_news

    Әлеуметтік желіде құрылыс жұмыстарын істеп жүріп, ән салған жігіттің видеосы тарады. Көпшілік жас жігіттің дауысын танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге ұқсатты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Белгісіз жігіттің видеосы zhuldyzdy_news Instagram парақшасында жарияланды.

    Видеода "Қазақтың таланттары құрылыста жүр. Димаштың егізі", - деп жазылған.

    Видеода жас жігіт Димаш Құдайбергеннің "Махаббат бер маған тағдыр" атты әнін жанды дауыста орындады.

    Ал көпшілік оның дауысын Димаш Құдайбергенге ұқсатты.

    "Димаштың дауысынан айнымайды", "Дауысы Димашқа айнымайды", "Талантты жастарды қолдау керек", "Талант бар, таныс жоқ болып тұр ғой", "Не деген керемет дауыс", "Ауызы қисық болса да, бай баласы сөйлесін дейтін заман ғой", "Осы жігітті неге әлі ешкім таппады", "Жұлдызы жансын", "Танымал болып кетсін", "Бұл жігіттің орыны сахнада", - деп жазды желідегілер.

    "Дауысы Димаштан айнымайды": құрылыста жүріп ән салған жігіт көпшілікті таңғалдырды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.