Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан өзін сынаған оқырманын орнына қойды

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Отандық әнші Ерке Есмахан биыл танымал әнші Раимға тұрмысқа шықты. Өнер иесі әлеуметтік желіде өзіне сын таққан оқырманына жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысы әншіден "Неге бақытты боп көрінуге тырысасыз?", - деп сұраған.

Ал Ерке Есмахан оқырманына жауап беріп, шынайылықтың шаңырақ ішінде екенін жеткізді.

"Ол қалай сонда? Менімен өмір сүретін адамдай айтып отырсыз ғой. Қазіргі адамдар қызық негізі. Біреу "Бақыттымын, шүкір" десе, сенбейді. Біреу бақытсыз болса, қуанады.

Сіз өзіңізден бастаңыз. "Неге мен адамдардан бақытсыздық көремін" деп өзіңізге сұрақ қойыңыз. Әлеуметтік желімен өмір сүрмеңіз. Керісінше, көп нәрсені адамдар "көз өтеді" деп, әлеуметтік желіде көрсете бермейді. Соның бірі - менмін. Шынайылық шаңырақтың ішінде. Шынайылық әлеуметтік желіде аз", - деп жауап берді Ерке Есмахан Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2027597-erke-esmaxan-ozin-synagan-oqyrmanyn-ornyna-qoidy/

pixel